Сауатсыз, ұры әрі ұятсыз журналистер де болады
Кейбір журналистердің негативті қасиеттері туралы жазып, олардың жүйкелерін жұқартқан шығармын
Ондай журиктермен күресе беру керек.
Кейбір журналистің бойында журналистке тән қасиеттер болмаса да газет-журналдарда істеп, шайлығын тауып жүреді. Олардың сауатсыздығын мақала жаза алмауларынан, сауатты аударма жасай алмаларынан білуге болады. Ал ұры-қарылық қасиеттерін басқа автордың мақаласын заңдарға қайшы әрекеттер арқылы көшіріп, зияткерлік меншікті ұрлауы арқылы көрсетіп қалады. Ең қызығы үшінші қасиет болғалы тұр.
Әрі қарай

Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.